12 Қаз 2020
Материал №24 орта мектеп

Мектеп туралы

Мектеп туралы мәлімет

     Атырау қаласындағы №24 орта мектепте мұғалімдердің  кәсіптік мәдени, шығармашылық өсуін, қамтамасыз ету, педагогикалық қызметтің жаңа мазмұны, технологияларын және әдістерін меңгерту, пән шеңберінде жаңашылдық қызмет ұйымдастыру, табысты педагогикалық тәжірибені анықтау, насихаттау және мектеп жұмысының тәжірибесіне енгізуге бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді.

Мектеп қабырғасы 1986 жылы қаланған.135 мұғалімі бар педагогикалық ұжымды Махамбетов Қали Құрметұлы басқарады. Оқушы саны-1867. Бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, Қазақстанның гүлденуіне, білім саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген жаңашыл мұғалімдердің қатары жылдан-жылға көбеюде. Білім саласындағы жаңалықтар, жетістіктер мен ұстаздардың озат тәжірибесін бір-бірінен үйренуде, ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде аталған білім ұясында жетістіктер мол.

Мектеп мұғалімдері мен оқушылары түрлі облыстық, қалалық сайыстарға, байқауларға қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін көрсетіп жүлделі орындарға ие болып жүр.

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технология құралдарының тәжірибеге кеңінен еніп, әр сабақты түрлендіре жүргізу-бүгінгі сабақ, бүгінгі сапалы оқытудың басты белгілері болып отыр. Бүгінде мектебімізде  мультимедия кабинеті,  арнаулы интерактивтік құралдармен жабдықталған физика, химия, биология, бастауыш сынып, математика, информатика  кабинеттері жұмыс істейді.

Мектеп ұжымы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжімен, Облыстық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институтымен, Жаңа ақпараттық технология орталығымен, облыстық және қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.